Спорт28 сентября 2023, 16:10

Азиада: Қазақстанның медальдар кестесінде 9-орынға көтерілді

Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдеден кейін медальдар кестесі белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін қоржынға екі алтын медаль түсіп, саны үшеу болды. 

Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында чемпион атанды.

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын алды.

Сөйтіп Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Көш басында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония.

Азиада 2023 Қазақстан ұлттық құрамасы медальдар кестесі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!