Спорт25 сентября 2023, 17:20

Азиада: Қазақстандық дзюдошылар тағы екі медаль алды

Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына тағы екі жүлде түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар  өзбекстандық Мусо Собировпен 3-орын үшін шықты.

Абылайхан қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Абылайхан іріктеу сатысында Гонконг және Бахрейннен келген қарсыластарын қапы қалдырды.

Жартылай финалда тәжікстандық Сомон Махмадбековке есе жіберіп қойды.

Абылайхан Жұбаназар қола жүлде Азиада 2023

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!