Спорт25 сентября 2023, 23:26

Азиада: Қазақстан құрамасы қай орында тұр

Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан құрамасы қай орында тұрғаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дзюдодан Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова, оқ атушы Никита Чирюкин қола медаль алды.

Дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 10-орынннан 15-орынға төмен түсті.

Көш басында 69 медальмен (39 алтын, 21 күміс, 9 қола) Қытай құрамасы тұр.

Екінші орында Оңтүстік Корея, үшінші орында Жапония.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

1. Қытай - 39-21-9 (69)
2. Оңтүстік Корея - 10-10-13 (33)
3. Жапония - 5-14-12 (31)
4. Өзбекстан - 4-4-6 (14)
5. Гонконг - 3-4-7 (14)
6. Үндістан - 2-3-6 (11)
7. Тайвань - 2-1-3 (6)
8. Индонезия - 1-1-4 (6)
9. Таиланд - 1-0-2 (3)
10. Макао - 1-0-1 (2)
15. Қазақстан - 0-1-4 (5).

Азиада 2023 Қазақстан ұлттық құрамасы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!