Спорт29 сентября 2023, 17:40

Азиада: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Таиландты жеңді

Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтан озды, - деп хабарлайды Arbat.media

Төртінші кездесуінде Таиландты 13:8 есебімен жеңді.

Отандастарымыз бұған дейін Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6 есебімен жеңіп, Қытайға 8:17 есе жіберген.

Олар тек үш турдан кейін алты ұпаймен үшінші орында тұр.

Алғашқы екі орындағы Жапонияның - 8, Қытайдың - 6 ұпайы бар.

30-қыркүйекте Жапония, 1- қазанда Өзбекстанмен кездеседі.

Азиада 2023 су добы әйелдер құрамасы

Новости по теме