Спорт26 сентября 2023, 19:50

Азиада: Боксшы Махмуд Сабырхан 1/8 финалға жолдама алды

Азия ойындарында боксшы Махмуд Сабырхан келесі кезеңге өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол 57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда оңтүстіккореялық Ичань Лимен шыққан.

Махмуд Сабырхан Ташкенттегі  әлем біріншілігінде үздік шыққан болатын. 

Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі басымдықты Махмудқа берді. Екіншісінде ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да жақсы нәтиже көрсетті – 5:0.

Махмуд Сабырхан 1/8 финалға жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін солтүстіккореялық боксшымен таласады.

Махмуд Сабырхан Азиада 2023 бокс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!