Спорт1 октября 2023, 13:31

Азиада: Бекәділ Шәймерденов күміс медаль алды

Қытайдағы Азия ойындарында күрес спортының құраш түрінен Бекәділ Шаймерденов күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады. 

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз өзбекстандық Үмид Есановқа есе жіберді.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы бесінші күміс жүлдесі.

Бекәділ ¼ финалға өту үшін тәжік атлеті Навруз Каримзоданы бір минутқа жетпей жеңген болатын. 

Қазақстан құрамасында әзірге 27 медаль бар – 3 алтын, 5 күміс және 20 қола.

Азиада 2023 Бекәділ Шәймерденов күміс медаль

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!