Спорт29 сентября 2023, 13:50

Азиада: Әйелдер құрамасы финалға шықты

Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Olympic.kz сайтына жазады. 

Отандық спортшылардың нәтижесі:

- Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәреге жетті. Команда Қазақстан рекордын орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17.30-да басталады.

Азиада 2023 Қазақстан ұлттық құрамасы әйелдер құрамасы Финал

Новости по теме