Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына жолдама алды
Еліміздің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Америкада өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Анна Данилина америкалық Бетани Маттек-Сандспен бірге алғашқы айналымда норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен бәсекелесті.
Қазақстандық-америкалық жұп 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Бәр эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын шебер өткізді.
Норвегиялық-эстониялық дуэт 5 брейктен (13 брейк-пойнт) аса алмады.
А.Данилина – Б.Маттек-Сандс жарыстың 2-ракеткалары, жапониялық Сюко Аояма – қытайлық Чжаосюань Янмен бақ сынасады.
Поделиться
Читать Arbat media в