Placeholder
Спорт12 сентября 2023, 11:00

Әлем чемпионаты: Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды

Командалық әлем чемпионатында шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді.

Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.

Қола медальді Франция құрамасы иеленді.

Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларын жеңді.

Шахмат Қазақстан Қыздар Күміс

Новости по теме