Спорт16 июня 2023, 14:15

Абиба Әбужақынова Астана Гранд Слэмінен тыс қалды

Бүгін Астанада дзюдодан басталатын Гранд Слэм турнирінде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова күреспейтін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Білікті спортшының жарыстан тыс қалуына жарақаты себеп болған.

"Команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша Абиба Абужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатыспайды", - деп жазылған ақпаратта. 

Абиба Абужақынова әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айықпады және жарақатымен күрескен жағдайда оны асқындырып алу қаупі туындап отыр. Сондықтан бапкерлер тарапынан оны әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданған. 

Отандасымыз жыл басынан бері Португалияда өткен Алмада Гран приінде топ жарды. Араға апта салып Париж Гранд Слэмінен қола жүлде иеленді

Мамыр айында Дохада өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетіп, турнирді бесінші орынмен аяқтаған болатын.

Абиба Әбужақынова Дзюдо Астана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!