Новости Казахстана27 апреля 2023, 16:57

Жыл басынан бері есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды

ҰҚК жыл басынан бері есірткіге қарсы 47, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Аустралияның құзыретті органдарымен бірлескен операциялар жүргізді, деп хабарлайды Arbat.media

Соның ішінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылған.

Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды. Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді. Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды, - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылған. Заңсыз айналымнан 73 кг «мефедрон» және 223 кг «α-PVP» психотроптық заты алынғаны белгілі болды.

Бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды, - деп жазылған ҰҚК таратқан мәліметте. 

Аталған «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек.

Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды, - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. 

ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды күшейтілген режимде жалғастырып жатқанын айтып отыр. 

Есікткі ҰҚК Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!