Жұмысшыны ұрған әкім жазаға тартылды
Ақмола облысы Острогорск ауыл округінің бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі таратты.
Острогорск әкімі мен жергілікті ЖШС-нің жұмысшысы арасында суға қатысты жанжал туындап, әкім жұмысшыны ұрып жіберіп, жұмысшы етбетімен құлаған.
- Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен расталды, яғни сызат және көгеру түрінде дене жарақатын табылды.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген.
- Сот жеңілдететін мән-жайды, яғни айыпталушының бірінші рет әкімшілік жауапқа тартылып отырғандығын, оң мінездемесіне, сондай-ақ ауырлататын мән-жайдың болмауын ескеріп, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Сот облыс әкімінің атына жеке қаулы шығарды, онда ол төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылаудың жоқтығына және тиісті ден қою шараларын қабылдауға назар аударды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.