Жетісу облысындағы жол апаты 2 адамның өмірін үзді
Жетісу облысында көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Жол-көлік оқиғасы өңірдегі Панфилов ауданында болды. Сарыөзек-Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.
Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, 45 жастағы жолаушы да қайтыс болды. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Поделиться
Читать Arbat media в