Новости Казахстана3 июля 2023, 16:10

Жетісу облысында балабақша есепшісі 38 млн теңгені өзіне аударып алғаны анықталды

Жетісу облысында прокурорлар балабақшада тексеру жүргізіп, есепшінің 38 млн теңгені жымқырғанын анықтады, деп хабарлады Arbat.media.

Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданындағы балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн.теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінді. 

Ақша жымқыру дерек бойынша штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталып, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болған.

Енді осы дерек бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Ал аталған істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр.

Прокуратура өкілдері осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырылғанын мәлімдеп отыр. 

Балабақша Ақша жымқыру Жетісу облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!