Новости Казахстана21 февраля 2023, 16:47

Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген адамға сот үкімі шықты

Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап, артынан өртеп жіберген қылмыскерді сот өмір бойына бас бостанғынан айырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ауыр қылмысқа барған 39 жастағы Рустам Ахметовке өңірдің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Үкімді оқу кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Тергеу дерегі бойынша сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, кейін оны айуандықпен өлтірген. Содан соң қыздың жүрек тұсынан үш рет пышақ салғаны анықталды. Кейін марқұмды бір метр тереңдікте жер қазып, қыз баланың ұялы телефонын сындырып, мәйітті өртеп, көміп тастаған. 

Естіген елдің үрейін ұшырған қайғылы оқиға өткен жылдың күзінде болған. Шолақай ауылында хабар-ошарсыз жоғалған 15 жастағы қызды барлық тұрғындар іздеуге ат салысқан. Тек марқұмның мәйіті 8 күннен ауылдан үш жарым шақырым қашықтықта орналасқан қылмыскердің қыстағының маңынан табылған еді. 

Қылмыстық іске тартылған Рустам Ахметов бұған дейін 14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсіп, кейін оған үйленіп, жазадан құтылған болатын. Екінші рет қылмыс жасағанда тағы да кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, 5 жылға сотталған. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған қылмыскер енді марқұмның жақындарына 10 миллион теңгеөтемақы төлеуге міндеттеліп отыр. 

Жетісу облысы Үкім Қылмыскер сот

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!