Новости Казахстана14 сентября 2023, 11:30

Жетім қызды жезөкшелікке тартып, жәрдемақысын тартып алған

СҚО-да әйел жетім қызды жезөкшелікке тартып, жәрдемақысын тартып алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше:

2022 жылдың мамыр айында 39 жастағы Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған. WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, Ақмола облысынан келген 18 жастағы жетім қызды алдап, жезөкшелікке тартқан. Бойжеткен бірнеше рет жыныстық қызмет көрсетуден қашқанымен, әйел оған күш қолданып, моральдық қысым көрсетіп, кері қайтарып отырған. Клиенттерден түскен ақшаны өзі алып отырған. Және асыраушысынан айырылуына байланысты қызға берілген 2,7 млн теңге шамасындағы жәрдемақыны, 150 мың теңге мөлшерінде жиналған шәкіртақыны да өзіне аударып алған.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы - притон ұйымдастыру, алаяқтық және адам саудасы бойынша сотталды.

 

СҚО жетім қыз жезөкшелік Қылмыстық іс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!