Новости Казахстана5 сентября 2023, 12:33

Жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр

Биыл жарты жылда 28 жасқа дейінгі 454 қазақстандықтан қатерлі ісік анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл мәліметті денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов жария етті. 

«2021 жылы 0-28 жас аралығындағы 949 науқас тіркелді, бұл қатерлі ісіктің тіркелген бастапқы жағдайының жалпы санының 2,9 пайызы. Былтыр қатерлі ісік диагнозы 0-28 жас аралығындағы 1 057 науқастан (тіркелген науқастардың - 3%) анықталған. Биылғы жрты жылда 0-28 жас аралығындағы 454 науқастан қатерлі ісік (онкология науқастарының жалпы санының 2,5%) анықталды», - дейді п Азамат Дүйсенов.

Азамат Дүйсенов онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін де айтып өтті.

Қатерлі ісік Жастар онкология Статистика

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!