Новости Казахстана25 сентября 2023, 22:00

Жасөспірім Ақтауда көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа құлаған

Ақтауда тұрғын үйдің биік қабатынан құлап, екі үйдің ортасында қуысқа түсіп кеткен жасөспірім ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жариялады.  

 Жағдайы толық тексеріліп, 3-ші дәрежелі жарақаттан естен танғаны анықталды. Санасы ми комасының 2-ші дәрежесінде болды, көзінің қарашығы кеңейген. Жасанды тыныс алу аппаратына қосып, шокқа қарсы терапия жасалды. Жабық бас ми жарақаты, бел омыртқасының сыну диагнозы қойылды.

Екі күннен соң комадан шықты. Өзі демала бастады, санасы айқын . Хирургия бөліміне ауыстырылды. Ешқандай ота жасалған жоқ.

17 жастағы жасөспірім үйіне шығарылды. Алдағы уақытта оңалту орталығында реабилитациялық шаралар жүргізіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. 

Ақтау Оқыс оқиға Жасөспірім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!