Жас жігіттер әскерге бармас үшін Ресейге қашып жатыр – Әскери прокуратура жауап берді
Әскерге бармас үшін жас жігіттер Ресейге қашып жатқандары рас па, жоқ па деген сұраққа Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media ведомствоға сілтеме жасап.
Бұл сұрақты Сенатор Сергей Ершов көтерді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында әскерге шақырылғандар әскерде қызмет етпес үшін Солтүстік Қазақстаннан Ресейге қашып жатқаны туралы ақпарат тарады. Мысалы, бүгінгі таңда көрші елдің аумағында көктемгі әскерге шақырылуы тиіс 250 адам бар. Бұл шынымен де солай ма? Оларға қандай шара қолданылады? – деп сұрады депутат Бас әскери прокуратура өкілінен.
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары мұндай ақпараттың бар екендігін растады.
Солтүстік Қазақстанға қатысты айтар болсам, иә, шынымен де бұқаралық ақпарат құралдарында осындай мәліметтің таралғаны рас. Прокуратура органдары Қорғаныс министрлігіне (мәселені – ред.) бағыттады. Болжалды ақпаратқа сәйкес, осы 200 адамның 120-сы – Ресейде оқитын студенттер. Дәйек болған жағдайда олардың әскерге баруы кейінге шегеріледі. Ал басқаларына Қазақстан аумағында әскерге барудан жалтарғандығы туралы айып тағылады. Олар әйтеуір бір (елге – ред.) келеді, миграциялық заңнама деген бар. Оларды Қазақстанға әскери қызметке баруға келуге міндеттеу құқығы жоқ, - деп түсіндірді Мақсат Қазиев.