Жаркентте әйелді зорлаған қылмыскер оқиғадан кейін өртеп жіберген
Жетісу облысының Панфилов ауданының Жаркент қаласында 42 жастағы әйел қатыгездікпен өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Осыдан бір апта уақыт бұрын 1980 жылы туған әйел Жаркентте зорланған. Ал қылмысын жасыру үшін қылмыскер оны өлтіріп, денесін өртеп жіберген көрінеді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.
Қазір аталған қылмыстық іс бойынша заңда көзделген барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға бере отырып, түпкілікті процестік шешім қабылданбақ. Жетісу облысының Полиция департаменті аталған істі бақылауға алғанын мәлімдеді.
Поделиться
Читать Arbat media в