Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды
Сенаттың жалпы отырысында Палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов сайланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Жоғары Соттың төрағасы болған Жақып Асанов осы аптада Президент Жарлығымен Сенат депутаттығына тағайындалған болатын. Бейсенбідегі жалпы отырыста ол дауыс беру нәтижесінде Сенат спикерінің орынбасары болып сайланды.
Оқи отырыңыздар:
Жоғары Соттың бұрынғы төрағасы сенатор болғанын тағайындаудан кейін бір-ақ білді
Депутаттар қатары толықты: Шиповских сенатор, Құл-Мұхамед, Мұсабаев, Жұмағұловтың өкілеті тоқтатылды
Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Ол 2007-2012 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты, 2012-2016 жылдары Бас Прокурордың орынбасары, 2016-2017 жылдары Бас Прокурор, 2017-2022 жылдары Жоғары Сот төрағасы лауазымын атқарған.