Жаңаөзенде жарылған газдан зардап шеккен әйел сал ауруына шалдыққан
Жаңаөзендегі оқыстан болған жарылыс кезінде зардап шеккен 23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Зардап шегуші апат кезінде жүктіліктің 17-18 аптасында болған көрінеді. Апаттан кейін жәбірленуші ең қиын екі отаны бастан өткерген. Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
Науқас Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдайы неврологиялық тапшылыққа байланысты тұрақты ауыр деңгейінде. Жұлынның толық зақымдануы болған. Әйел белінен төмен сал ауруына шалдыққан, - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметіндегілер.
Осыдан тура бір ай бұрын таңда Жаңаөзен қаласында екі қабатты үйде жарылыс болған еді. Апат кезінде екі адам қайтыс болса, кейін тағы төрт адамның бақилық болғаны айтылды. Сонымен бірге, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды.