Новости Казахстана1 сентября 2023, 11:21

Жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатындығын айтты.

«Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Жолдау Ұлттық қор Балалар қаражат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!