Жамбылда әскери қызметкер үш әйелді соққыға жықты
Жамбыл облысында әскери адам ауылдағы бірнеше үйге басып кіріп, тұрғындарды ұрып тастады. Оқыс оқиға кезінде бірнеше тұрғын зардап шегіп, бұзақыны полиция қамауға алды, деп хабарлайды Арбатмедиа.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметі бойынша аталған оқиға 12 желтоқсанында Т. Рысқұлов ауданында болған. Әскери киімдегі белгісіз ер адам Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, кездескен адамдарды соққыға жықты.
"Ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелдің бетінен ұрған. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртты", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Оқыс оқиға бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшігі ұстады. Қазір ол аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.