Жамбыл облысында кәріз жүйесінен екі баланың денесі табылды
Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Кеше Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.
Қазір аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларға бей-жай қарамай, назардан тыс қалдырмауды ескертіп отыр.
Поделиться
Читать Arbat media в