Новости Казахстана26 апреля 2023, 22:17

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Назарбаевтан қорқатынын жеткізді

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында берген сұхбатында өзіне қасқана қастандық жасалса, кімді кінәлауы мүмкін екенін айтты.

Әкеме тапсырма берген адам. Оны бәріміз білеміз. Мен кетсем де халық сұрайды. Назарбаевтың (несінен) қорқамын. Сол жақтан шығуы мүмкін. Айтамын. Қорқып тұрған жоқпын ол жағынан. Бәрі біледі оны. Кейбіреулер айта ала ма, айтпай ма. Мен айттым. Сол жақтан шығады, - деді Қ.Нұрқаділов. 

Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін атады.

Жоқ. Қаруым да жоқ. Жоқ. Сенбеңдер. Құдай қаласа, 30 жылдай тұруым керек. 80-нен асып, одан кейін көре жатармыз, - деді Қайрат Нұрқаділов.

Бұған дейін Мәжіліс сайлауында бір мандатты округ бойында депутаттыққа үміткер болып, кейін өзінің басты қарсыласы саналған Рысбек Сәрсенбайға жолын берген еді.  

Қайрат Нұрқаділов Заманбек Нұрқаділов Нұрсұлтан Назарбаев

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!