Новости Казахстана4 марта 2023, 18:00

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Рысбек Сәрсенбаймен Мәжілістің бір мандатына таласудан бас тартты

Белгілі қоғам қайрат қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидататурасын кері қайтарып алды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Алматы облысының № 11 округіне тіркелген Қайрат Нұрқаділов бірқатар кандидаттармен бірге оппозиционер Рысбек Сәрсенбайұлымен бір мандатқа сайлауға түсуі тиіс болған еді. Алайда ол сайлау алдында мәлімдеме жасап, саяси науқанға қатысудан бас тартатынын хабарлады. 
ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтық құқығымды пайдаланып, 2023 жылы 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысу үшін Алматы облысының № 11 сайлау округіне тіркелген кандидаттығымды кері қайтарып аламын. Алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырулар мен жаңарулар үдерістерін заңды да әділ әрі батыл жүргізу үшін ҚР Парламентіне саяси-қоғамдық күрестерде мол тәжірибе жинақтаған, Қазақстанның барлық аймақтарына табанды қайраткерлігімен танылған,  адалдығымен де, әділдігімен де мойындалған озық ойлы, тың идеялы, құқықтық сауаты жоғары, жаңа көзқарастағы күрескер тұлғалар келуі керек. Ондай тұлғаның бірі де бірегейі - Рысбек Сәрсенбайұлы деп білемін. Сондықтан да №11 округтегі жалғыз орынға сол кісінің өткенін қалаймын. Қалағанымды ісіммен дәлелдеу үшін мен кандидат Рысбек Сәрсенбайұлының сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстарына қолымнан келетін көмектің бәрін жасаймын, - деді Қайрат Нұрқаділов. 
Ол өз мәлімдемесінде өзге кандидат әріптестерін осындай азаматтық қадамға баруға үндеді.
 
Аталған № 11 сайлау округіне қос үміткермен бірге әнші Нұрлан Албан мен спортшы Ардак Назаров тіркелгені туралы айтылған еді. Сонымен бірге,  "Аманат" партиясының Ерік Әбитов есімді үміткер бар.  
Қайрат Нұрқаділов Рысбек Сәрсенбайұлы сайлау Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!