Жалған банкноттарды айналымға шығарған Қызылорда тұрғыны ұсталды
Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды айналымға шығарғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Күдікке ілінген тұрғын жалған банкноттарлы сақтап және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені анықталып отыр.
Заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алған. Азамат өз кінәсін толық мойындады. Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы анықталды, деп жазылған Антикор таратқан ресми мәліметте.
Аталған қылмыс үшін айыпталушыны 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.