Новости Казахстана24 июня 2023, 19:29

Вагнерліктер басып алған Ростовта жағдай белгілі болды

Ресейдің Ростов қаласы "Вагнер" жалдамалы жауынгерлері басып алған алғашқы ірі қала болып отыр. Қазір қалада не болып жатқаны туралы түрлі ақпараттар жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Вагнерліктер Ростовтың басқармаларын  (ІІМ, ФСБ, Қорғаныс министрлігі)  барлық маңызды нысандарын найзағай жылдамдығынанн да тез басып алды. Пригожиннің "қалталы әскерінің" негізгі бөлігі Воронежді және басқа қалаларды басып алуға аттанған. Ростовта "Вагнер" басшысы әкімшілік органдардың ғимараттарын бақылауда ұстауды жалғастыру үшін мұнда жалдамалы әскерінің бір бөлігін қалдырған.

Жергілікті тұрғындар қаланы вагнерліктер толығымен бақылап отырғанны атады. Қазір мұнда "Вагнер" танктері жол бойымен жүріп жатыр. 

 

Қала орталығында ростовтықтардың жиналуына "Вагнер" еш жол бермейді. Олар қала тұрғындарын бірдеп қуып, тарқатып жіберуде. Ал Ростовтың орталық көшелерінен мүлдем жүруге болмайтынын айтылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі қарулы төңкеріс жағдайы туралы соңғы сөзінде ел Президенті Ростовтағы жағдайды "қиын"деп сипаттады.

Ростов Вагнер Соғыс Военный мятеж в РФ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!