ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Қазақстан да қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, Ұйымның ағымдағы қызметінің кең ауқымды мәселелерін және ҰҚШҰ-дың сыртқы байланыстарын дамытуға қатысты кейінгі қадамдарды талқылады.
Іс-шара шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдап, олар бірлесіп Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Поделиться
Читать Arbat media в