ҰҚК: қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысу фактісі бойынша 10 іс тергеліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше қазақстандық Украинадағы соғысқа қатысты деген күдікке ілінген азаматтардың істерін тергеп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.
ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр, - делінген ҰҚК-ның “Курсивтің” ресми сауалына берген жауабында.
25 ақпанда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымына түсініктеме беріп, Украина мен Ресей шенеуніктерін келіссөз үстеліне отыруға шақырды.
Еске салайық, Қазақстандық экс-депутаттың ұлы Ресей үшін соғысып жүргені туралы жазғанбыз.
Поделиться
Читать Arbat media в