Новости Казахстана13 апреля 2023, 17:26

Үндістаннан Қазақстанға 54 мың дана дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

"Жетісі" кеден бекетінде Үндістаннан контрабандалық дәрі-дәрмекті өткізбек болғандар ұсталды. Тауарлардың кедендік құны 43,4 млн теңгені құраса, бюджетке келтірілген шығын көлемі 5,2 млн теңге болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тексеру барысында салмағы 356 кг болатын 54 449 қаптама анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер биологиялық белсенді тағам қоспасы деген желеумен “Зардекс” таблеткаларын (қатты құрысу мен талмаға қарсы) импорттамақ болған.

Кедендік сараптама бұл өнімнің емдік мақсатта қолдануға арналған дәрілік зат екенін анықтады.

Қазақстан дәрі-дәрмек Үндістан кеден

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!