Ұлытау облысының тұрғыны үй ауласын қазу кезінде көне тапанша тауып алды
Жаңаарқа ауданының тұрғыны Еркін Тәжмағанбетов үйдің жертөлесінен жерге көмілген бір ғасыр бұрын жасылаған тапаншаны тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Жер астынан қазып алған қаруды Е.Тәжмағанбетов бірден құқық қорғау органдарына тапсырған.
Ұлытау облысының полиция департаменті мамандары зерттеу барысында қарудың жүз жылға жуық тарихы бар екенін анықтады.
Намбу 14 тапаншасы - 1925 жылы жасалған жапон тапаншасы. Бұл қару Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін шығарылған. 1920-1940 жылдардағы жапон императорлық армиясының негізгі жеке қаруы болды, - деп атап өтті ведомство.
Полиция қаруды тапсырған азаматқа алғысын білдірді. Сондай-ақ, жақын арада тапанша облыстық мұражайға беріледі.
Поделиться
Читать Arbat media в