Ұлытау облысында жоғалған жеті адам үш күннен соң табылды
Ұлытау облысында жоғалған жеті адам аман табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Өңірдің ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан құралған күштер және құралдарымен жеті адамды іздеу жұмыстарын сәтті аяқталған.
11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа-райына байланысты жолда адасып кеткен болатын.
Осы оқиғадан дейін Ұлытау облысы ТЖД әлеуметтік желілерінде тұрғындарды қолайсыз ауа-райы жағдайлары туралы ескерту хабарландырулар таратқан еді.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылып, жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Поделиться
Читать Arbat media в