Ұлытау облысында кеніште жұмысшы мерт болды
Ұлытау облысындағы «Өркен» ЖШС кенішінде жұмысшы мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Арнайы комиссия 39 жастағы ұңғымашының мерт болу себебін анықтап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, кенші үйіліп тұрған тау жыныстарының астында қалып қойған.
«Өркен» ЖШС кенішінде оқыс оқиға болғанын қатты қайғымен хабарлаймыз. 1984 жылы туған ұңғымашы көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарын жұбатып, көңіл айтты.
«Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетілетін болады», - деп жазды компания өкілдері.
Поделиться
Читать Arbat media в