Ұлттық ұланның үш офицері полигонда жарақат алды
Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растаған.
«25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», – делінген хабарламада.
Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды.
Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в