Новости Казахстана19 апреля 2023, 14:59

Үкімет басшысы жыл басынан бері экономикалық өсімнің ұлғайғанын атады

Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

2022 жылы ел экономикасының нақты өсуі 3,2%-ды құраған. Елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд болды. Оның айтуынша, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті. Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады", деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.   Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9%-ды құрап, барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр.

Құрылыста – 16%, саудада – 12%, көлік саласында – 8%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ға, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ға артты. Бұл өз кезегінде, ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 трлн теңге бөлуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері $94 млрд құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері $3 млрд-қа өсіп, $58 млрд-қа жетті, деді Үкімет басшысы. 

Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.

Әлихан Смайылов Экономика Қазақстан Үкімет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!