Угандада мектептегі қарулы қақтығыс кезінде 41 адам қаза болды
Угандада көтерілісшілер орта мектепке шабуыл жасап, 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Euronews-тің мәліметінше, марқұм болғандарыдң 38-і оқушылар болған.
Уганда билігі Конго шекарасындағы Мпондве қаласындағы орта мектепте бүлікшілердің шабуылынан өлген 41 адамның денесін тапты.
Жергілікті билік шабуылдаушылар жатақхананы өртегеннен кейін адамдарға оқ атылғанын атадын Сондай-ақ, сойылмен ұрып өлтірген немесе өртеп жіберген болуы мүмкін.
Қаза тапқандардың арасында 38 мектеп оқушысы, бір күзетші және екі жергілікті тұрғын болғаны анықталды. Тағы сегіз адам ауыр жараланып, алтауын кепіл ретінде өздерімен бірге ұрлап әкеткен.
Уганда әскерилері ұрланған студенттерді құтқару үшін Конгоға қашып үлгерген қылмыскерлерді қолға түсіру үшін тиісті шаралар қолға алынғанын атады.