Новости Казахстана14 июня 2023, 14:45

ТЖМ экс-министрдің өрт кезінде шетелде болғанына қатысты түсініктеме берді

Төтенше жағдайлар министрлігі бұрынғы министр Юрий Ильиннің 8-9 маусым күндері  Араб Әмірліктерінде болған деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.media.

ТЖД Абай облысындағы өрт кезінде экс-министрдің шетелге сапары туралы таратылған деректерді жоққа шығарды. Сондай-ақ, Ильиннің бұл күндері СҚО-ға жұмыс сапарымен келгенін мәлімдеді.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапарының бірінші күні ол облыс орталығының жанында салынып жатқан ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасағының кешеніне, Петропавлдың Береке шағын ауданындағы өрт депосы кешенінің құрылыс аумағына барды, - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство СҚО-да бұрынғы министрп президенттің "орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес кездесулер өткізгенін атап өтті.

Абай облысындағы орман өртінің аумағы кеңейіп, 60 мың гектарда асты. Сонымен бірге, тілсіз жаудың салдарынан 15 адамның өмірі үзілді. 

Юрий Ильин ТЖМ БАӘ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!