Новости Казахстана7 февраля 2023, 22:17

Түркиядағы зілзаладан қайтыс болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандардың арасында қазақстандар жоқ, деп хабарлайды Arbat.media.

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында Түркияда болған табиғат апаты аумағында ел азаматтары болмағанын атады. 

Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ, - деді Айбек Смадияров.

6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Осыдан кейін Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге қайтару іс-шаралары жалғасып жатыр.  

Түркияда қайғылы оқиғадан бірнеше мың адам қайтыс болып, он мыңға жуығы жарақат алғаны белгілі болды. Жел сілкінісінен кейін еліміздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ, Қазақстаннан арнайы құтқарушылар мен дәрігерлер тобы апат аймағына аттанды. Жер сілкінісінен кейін Реджеп Тайып Ердоған Түркияда қаралы күн ретінде бір апта бойы аза тұту жариялады

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!