Новости Казахстана13 февраля 2023, 20:42

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қайтыс болған қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласындағы құтқару-іздестіру жұмыстары барысында жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Мәйітті Алматыдан әкелген соң туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екенін таныған. Еліміздің дипломаттары қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсеткені айтылды. Зілзаладан қайтыс болған марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген. 

Бұл ретте тасымалдау бойынша барлық тиісті шығындарды мемлекет өз міндетіне алған. Сондай-ақ, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан Қазақстан азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені хабарланды. 

Бұған дейін Түркияда жоғалған отандастармыздың үшеуі табылғаны айтылған болатын. Оның біреуі Сәбина Мамадиярова тірі табылса, Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің қайтыс болғаны анықталды. 

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жер сілкінісі болып, бірнеше қалада үйлер құлады. Соның салдарынан жиырма мыңнан астам адам қайтыс болып, жүз мыңға жуығы жарақат алды. Зілзаладан зардап шеккен түрік еліне Қазақстаннан құтқарушылар тобы екі лекпен аттанып, іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған. 

түркия Зілзала өлім Қазақстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!