Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті
Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамды құрады, деп хабарлайды Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш өңірінің Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан мыңғы жуық адам қаза тауып, бес мыңнан астамының жарақат алғанын ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеп отыр.
Түркия басшының сөзінше, бұл елде 1939 жылы болған зілзаладан кейінгі ең қуаты күшті зілзала болып отыр. Ол апат кезінде Түркияда 33 мың адам мерт болып, 100 мың адам жарақат алған. Жер сілкінісінен Сирия мемлекетінің шекарадағы Алеппо, Латакия және Тартус сияқты бірнеше аймағы зардап шекті.
Төтенше оқиғаға байланысты ресми Анкара әлемнің 45 мемлекетінен көмек көрсету жөнінде ұсыныс түкенін хабарлады. Қайғылы оқиға орын алысымен ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтуға хатын жолдаған болатын.