Түркиядағы зілзаладан қайтыс болғандар саны 48 мың адамға жетті
Түркия вице-президенті Фуат Октай ақпан айының басында елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінне қайтыс болғандардың ресми санын жария етті, деп хабарлайды Arbat.media.
Анадолы агенттігінің жазуынша, елдің төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында баспасөз мәслихатында Кахраманмарашта жер сілкінісінің салдарынан 48 448 адамның қаза тапқанын айтылған.
Вице-президент қазіргі уақытта 3 мыңнан астам құтқарушы зілзала болған аймақта әлі де жұмыс жүргізіп жатқанын атады.
Бүгінде апат болған аймақта 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеруден өтіп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп хабарланды. Ал құлаған үйлердің үйіндісінің тек 20 пайызы ғана шығарылған.
Поделиться
Читать Arbat media в