Түркияда қазақстандық әйел сәбиімен көз жұмды
Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшырап, зардап шекті, деп хабарлайды Аrbat.media Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда жансақтау бөлмінде жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген», - делінген СІМ хабарламасында.
Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.
«Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді», - дейді ведомстводан.