Новости Казахстана12 сентября 2023, 15:49

Түркияда кісі өлтіргені үшін қазақстандық әйел тергеліп жатыр

Түркияда кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық әйел туралы ҚР СІМ ресми өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

31 тамызда Түркияның Бурса қаласында 1993 жылы туған қазақстандық әйел түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталған. 

Бұл мәселе консулдық желіде талқыланып, егер адам қылмыс жасаса немесе қылмыс жасау күдігіне ілігіп, тергеуде болса, онда экстрадициялау туралы сөз қозғалмайды. Үкім жарияланып, заңды күшіне енгеннен кейін ғана экстрадицияланады. Ал ергеу процесінің қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айта алмаймын. Бұл сұрақты Түркияның құқық қорғау органдарына қою керек, себебі бұл мәселе олардың тергеуді қаншалықты жылдам жүргізіп, сотқа тапсыруына байланысты, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

 

 

қазақстандық әйел Қылмыстық іс түркия Тергеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!