Қазақстан мұнайын тиеген танкерлер Түркия жағалауынан шыға алмай тұр
Қазақстаннан экспортталған мұнайды тиеген танкерлер Түркия жағалауында кептеліске тап болды, деп хабарлайды arbat.media. Bloomberg-ке сілтеме жасап.
18 миллион баррель мұнай тиеген 20 танкер Қара теңіздің Түркия жағалауы аумағынан шыға алмай қалды. Агенттіктің мәліметі бойынша 19 танкерде елімізден экспортталған мұнай тиелген көрінеді.
Түркия тарапы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Елдің үкіметі мұнай тасымалдаушылардың Түркия жағалауы аумағын қамтуға кепілдік беретін сақтандыру компаниясының хаты болуы керек деп отыр. Мұндай жағдай бұған дейін болмаған. Тек Еуропалық одақ Ресей мұнайына эмбарго енгізгеннен кейін осындай қадамға барғаны белгілі болды. Алдағы уақытта Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлерге бұл елдердің теңіз сақтандыруын алуға тыйым салынбақ.
Таяуда Еуропа Одағы теңіз арқылы тасымалданатын Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, ЕО G7 елдерімен және Австралиямен бірге Ресей мұнайының бағасын барреліне 60 доллар деңгейіне дейін шектеу енгізді.