Түркия басшысы Тоқаевқа көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың мәліметінше, Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы байланысқан.
Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты, - деп жазылған ақпаратта.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.
Сонымен қатар, бұған дейін Өзбекстан президенті де мемлекет басшысымен сөйлесіп, Абай облысындағы өрттен қайтыс болғандар үшін көңіл айтқан болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в