Новости Казахстана30 мая 2023, 21:35

Түркістан облысында тауға шыққан турист адасып кетті

Өңірдегі Түлкібас ауданында тауға шыққан турист топтан адасып қалып, құтқарушылардың араласуына тура келді, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облысының ТЖ департаментіне 29 мамырда шамамен сағат түнгі уақытта Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі аталған мекенжайға шығып, 29 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медициналық көмек қажет болған жоқ, - деді өңірдің ТЖД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған оқиға Түркістан облысының таулы аймақтарында 2023 жылы тіркелген алғашқы оқиға болып отыр.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!