Новости Казахстана13 января 2023, 17:44

Тұңғыш Президент кітапханасы таратылуы мүмкін - Әділет министрі

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшi жойылғанын тану туралы заң қабылданғаннан кейін Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президенттің кеңсе, резиденцияларының жағдайы қалай болатынына жауап берді, деп хабарлайды  Arbat.media.

Министрге "Елбасы кеңсесі, кітапханасы, резиденцияларының тағдыры не болады? Алматы облысындағы ауылындағы мүліктер мемлекет меншігіне қайтарыла ма?" деген сынды сауалдар қойылған еді. Азамат Есқараев енді президент туралы заңға сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет тарапынан қызметтік саяжай мен пәтер ғана тиесілі болуы мүмкін екенін атады.

Бұл мәселе бүгін күшін жоюға ұсынылған заңда көзделген. Елбасы туралы заң күшін жояды. Сондықтан, заңнамада көзделген тәртіппен осы кеңсе, тағы басқа мәселелер жан-жақты қаралады. Ал резиденцияларға келсек, экс-президентке мемлекеттік саяжай көзделуі мүмкін. Сондықтан бұл заңнама шеңберінде шешіледі. Сіздер айтып тұрған Елбасы кеңсесі мен Тұңғыш Президент кітапханасы туралы да заң тәртібімен тиісті шешім шығарылады, - деді Әділет министрі Азамат Есқараев. 

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" конститутциялық заңның күші жойылды. Аталған құжатта Елбасыға қатысты заң жойылса да Назарбаев үшін экс-президент ретіндегі жеке өзіне қол сұғылмаушылық кепілдігі сақталып қалды. 

 

Назарбаев Тұңғыш президент кітапханасы Заң Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!