Новости Казахстана12 июня 2023, 16:12

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді

Жаңадан тағайындалған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы орман өрті қай уақытқа дейін сөндірілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Министрдің айтуынша, өрт жағдай бақылауға толық алынған. Дегенмен ауа температурасының жоғарылауы мен жел екпініне байланысты өрт тарай түсуі болжанып отыр. 

Өртті оқшаулау үшін жеткілікті топ құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңға жуық адам: өрт сөндірушілер, орман шаруашылығының, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған, - деді министр.

Сала басшысы тілсіз жау шарпыған аумақ іргесін күн сайын кеңейпіп бара жатқанын атады. 

Негізі 60 мыңнан асқан, дегенмен жеке құрам жұмыс істеп жатыр, аумақ қысқартылды. Болжам бар, алдағы бірнеше күнде өртті оқшаулап, сөндіреміз, - деді Сырым Шәрімханов.

Ведомство басшысы өзге өңірлерден жеткен техника да жұмылдырылғанын алға тартты. Бұдан бөлек, өрт түтітіне байланысты бірнеше ауыл тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген. 

Сырым Шәріпханов Өрт Абай облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!